Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 7 тамыз 2020 03:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 7 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, дауылды жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейюі, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

Қарағаңды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с сақталады, кей жерлерде – бұршақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, дауыл күтіледі, күндіз – бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қызылорда, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде – бұршақ күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай