Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 20 қараша 2020 01:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райы әлі де антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай