Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жүкті әйелді өлтіргені үшін 20 жылға сотталды - Павлодар облысы

2021 жылдың 14 қазан 2021 00:21

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жүкті әйелді өлтірген адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың сәуір айында Константиновка ауылында жүкті әйелдің өлімі орын алған. Бұл істі тергеу барысында полицейлер қаза тапқан әйел мен бірге тұрған ер адам арасында болған жанжал барысында мас күйінде ер адам өзінің құрбанын тұншықтырғанын анықтады.

- «Қазақстан Республикасы ҚК 99 - бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі мамандандырылған ауданаралық сотпен 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Өлтірілген қыздың анасы Ирина Свириденко полиция департаментінің басшысына жазған хатында Успен ауданының полиция бөлімі мен прокуратураға істі тергегені үшін алғыс білдірді.


Жоғары қарай