Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жүкті әйел пойызда босанды

2021 жылдың 10 қазан 2021 13:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - №603 «Арқалық - Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызы 8 қазанда Арқалық станциясынан жөнелтілгеннен кейін ер адам пойыз бригадасының қызметкерлеріне зайыбының толғағы келіп қалғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрехан Әбдірайымов бастаған пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекетке көшіп, келесі станцияға жедел жәрдем шақырылды. Темір жолда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, оның ішінде 3 жылдан бері пойыз бастығы Т.Әбдірайымов мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр екен.

Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындай бастады. Жолсеріктер Ирина Андреева мен Жаңыл Баталова жолаушылар арасынан табылған дәрігерлер Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) және Гаухар Қойшығұлованың (емдеу ұйымының басшысы) нұсқауымен әрекет жасады. Жүкті әйелді аман-есен босандыру үшін вагонда

барлық қажетті жағдайлар жасалды және біраз уақыттан кейін дүниеге қыз бала келді.

Пойыз Державинск бекетіне жеткеннен кейін жас ана Нұрайлым Құрманалы мен оның шақалағын жолсеріктер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.








Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина, Оқиға, ҚТЖ,
Жоғары қарай