Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Жүк және жолаушылар тасымалы: Қандай елдермен қатынас тоқтады

2020 жылдың 16 наурыз 2020 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан бірқатар елге автобуспен жолаушылар тасымалдауын тоқтатты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Қазақстан мен ҚХР, Өзбекстан және Моңғолия арасында автобуспен жолаушылар және жүктерді тұрақты тасымалдау тоқтатылды. Отандық тасымалдаушыларға Қазақстан мен Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, ҚХР, Моңғолия, Украина және Тәжікстан арасында тұрақты емес жолаушылар тасымалдауға рұқсат бланкін беру тоқтатылып отыр. Аталған туристік және тапсырыс бағдарларына арналған», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Ресей мен Қырғызстанға автобустармен және микроавтобустармен жүзеге асырылатын халықаралық қатынастардағы тұрақты рейстердің саны екі есеге қысқартылып, тұрақты және тұрақты емес автобуспен тасымалдау транзиті тоқтатылғанын айтты.

«Жүк тасымалына қатысты айтар болсам, азық-түлікті, халық тұтынатын әрі медициналық мақсаттағы тауарларды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында автомобиль көліктерімен халықаралық екіжақты және транзиттік бағдарлар бойынша жүк пен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға шектеу қойылған жоқ», - деді Берік Камалиев.


Жоғары қарай