Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұбановтардың еңбектері қайта баспадан шығарылды

2019 жылдың 25 қазан 2019 22:30

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Жұбанов тағылымы» ғылыми-практикалық конференциясы аясында Құдайберген Жұбанов пен Есет Жұбановтың еңбектері толықтырылып қайта баспадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың 120, белгілі әдебиетші-ғалым Есет Жұбановтың 90 жылдығы. Мерейтойға орай ғалым атындағы мемлекеттік университет «Жұбанов тағылымы» ғылыми-прастикалық конференциясын ұйымдастырды. Жиынға ғалымның ұрпақтары мен зерттеушілер, филолог мамандар қатысты.




«Халық жауы» деп 1937 жылы 13 қараша күні ату жазасына кесілді. Мені перзентханадан әкелгенде оны үйден алып кетті. Тек әкеміз емес, оның бай кітапханасы, еңбегі тіркіленді. Қолжазбалары шықпай, жойылып кетті. 1957 жылы ақталған соң ол туралы кең көлемде айтыла бастады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Сыздықованың айтуынша, әкем қолжазбасын 10 сериямен баспаға тапсырған екен. Соның қолда бары 2 сериясы ғана. Қалған 8 сериясының аты бар, заты жоқ. «Халық жауы» деп соттаған кезде жойып жіберген. Жас ғалымдар іздеп, архивтерді қарап жатыр. Табылып, мол мұра басылып шығады деп ойлаймын», - деді Асқар Жұбанов.

Конференция аясында Қ.Жұбанов пен Е.Жұбановтың еңбектері қайта таныстырылды. Кітаптар толықтырылған, жаңа мақалалар енгізілген.

«Құдайберген Жұбановтың еңбектері қайта жинақталып шығарылды. Мұнда ғалымның барлық ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар оқырман назарынан тыс қалған, газет-жауналға жарияланған мақалалары енгізілді. Сыни корреспонденциялары, өлеңдері, әңгіме-памфлеті бар. Орыс тілінде жазылған «Из истории порядка слов в казахском предложении» еңбегі болгар, ағылшын және неміс, қазақ тіліне аударылып, жарық көрді. Сонымен қатар 16 елдің суретшісі ғалымның зерттеулері мен еңбегіне арнап көрме ұйымдастырды. Бұл Жұбановтар мұрасын халықаралық деңгейде танытудың жаңа үлгісі деп ойлаймыз», - филология факультетінің деканы Гүлзат Садирова.




Мерейтойға арналған іс шара кезінде жыр мүшәйрасы, «Қ.Жұбанов әлемі – оқушылар көзімен» эссе байқауы өтті.




Жоғары қарай