Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жоспарға сәйкес халыққа қажетті заңдар қабылданады - Нұрлан Нығматулин

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 10:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жақын арада қабылданатын заңдар қай салаларға негізделетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетінші шақырылым Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл, ал Парламент құрылғанына 25 жыл толатын ерекше кезеңде өз жұмысын бастап отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы сессияның ашылуында бүгінгі жеткен жетістіктерімізді сақтап, одан әрі дамыту жолындағы жаңа мақсаттар туралы айтты. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, құқықтық-саяси бағыттарға баса назар аударатын боламыз», - деді ол Мәжілісінің жалпы отырысында.

Осы орайда Н. Нығматулин аталған бағыттар бойынша тиісті заңдармен Парламент қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Сол үшін Мемлекет басшысы сессияның ашылуында депутаттардан сапалы заңдарды талап ететінін ерекше атап өтті. Ол заңдар ең алдымен халықтың өмір сапасын, білім, денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етуге тиіс. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – жоспарға сәйкес өз уақытында халыққа қажетті, пайдалы заңдарды қабылдау», - деді ол.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында бірқатар міндет жүктеген болатын.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Заң, Парламент,
Жоғары қарай