Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жошы ұлысының негізі қай жылы қаланды

2021 жылдың 28 қазан 2021 19:55

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының PhD докторы Жақсылық Сәбитов Жошы ұлысының құрылған жылын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«В.Трепавлов Жошы ұлысының Дешті Қыпшаққа қоныс аударған жылы ретінде 1225 жылғы датаны ұстанады. Сонымен қатар, Жошы мен Шағатай бір уақытта жаңа ұлыстар құрды. «Алтан тобчи» мәтініне сүйеніп, Жошы ұлысы мен Шағатай ұлысының 1225 жылы бөлінгенін айтуға болады.

Жекелеген сыншылар 1225 жылғы бұл оқиғаға күмән келтіруі мүмкін. Бірақ бұл қазіргі дереккөздердегі жалғыз нақты дата. Айта кету керек, «Алтан тобчи» моңғолдардың ішкі аңыздардағы дереккөздерге көп негізделген. Сондықтан бұл деректі елемеуге болмайды», - деді тарихшы «Ұлық ұлы –Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда.

Сондай-ақ ғалым Жошы ұлысының Қыпшақ даласына билік жүргізуі Хорезмдерге жасаған шабуылдарынан басталған деген болжам айтты.

«Шын мәнінде, Жошы Хорезмдегі шабуылдан кейін Дешті Қыпшақтың бір бөлігіне билік жүргізе бастады. Бірақ оның билігіне әкесі заңды мәртебені бірнеше жылдан кейін беруі мүмкін. Әзірше барлық дереккөздерден Жошы ұлысының Қазақстан аумағына заңды қоныс аударған жылы ретінде 1225 жылды атап өтуге болады», - деді Жақсылық Сәбитов.

Ғалымның айтуынша, Жошының көзі тірісінде оның ұлысы үш маңызды өзгеріске ұшыраған.Олар:

1. 1206 жылы оған Кенегес руынан Хунан бастаған Ұлыс келіп қосылды. 1207 жылы оған қырғыздардың және «орман тайпаларының» аумақтары қосылды.

2. 1219 жылы Хорезмшахқа жорық қарсаңында Шыңғыс хан ұлыстарды қайта таратып, өз империясын қайта құрды.

3. 1225 жылы Шыңғыс хан Жошыға Дешті-Қыпшақтың Қаялықтан Саксинге дейінгі аумағын заңды түрде бекітіп берді.


Жоғары қарай