Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

«Жошы хан» тарихи-мәдени орталығының құрылысы биыл аяқталады

2020 жылдың 28 мамыр 2020 15:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл «Жошы хан» тарихи-мәдени орталығының құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл ол орталықта қарқынды жұмыс жүргізіледі. Атап айтқанда, Жошы хан мен Алаша хан мавзолейлерін ғылыми-реставрациялау жұмыстары, Ұлытау музейі ұлттық қорығындағы сапар орталығының құрылысы, тарихи-аймақтық музей құрылысы және ауданы 800 шаршы метр болатын «Жошы хан» тарихи-мәдени орталығының құрылысы аяқталады», - деді Дастан Рысбеков Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.

Бұған дейін комитет төрағасы биыл елімізде ішкі туризмге қызығушылық артатынын айтқан еді.

«Биыл ішкі туризм саласында үлкен сұраныс бар екендігін байқап отырмыз. Жалпы бағыттар өзгере қоймайды. Олар: Алакөл, Бурабай, Каспий, Қапшағай, Алматының таулы кластері. Бұған қоса Баянауыл мен Шалқар, Имантау курорттық аймақтарына қызығушылық артып келеді. Түркістан, Тараз бағытында тарихи-мәдени туризмге де айрықша қызығушылық байқалады. Ұлытаудың да әлеуеті артып келеді», - деген еді ол.


Жоғары қарай