Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталды

2020 жылдың 17 мамыр 2020 13:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орындалып жатыр, деп жазды бүгін өзінің Facebook парақшасында Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғали.

«Үкімет пен демеушілердің қолдауымен Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталып кетті. Кешенде Жошының ұрпақтарына, Ұлық Ұлыс, Алтынорда, Қазақ хандығына арналған экспозициялық зал және шағын асхана мен қонақ үй салу жоспарланған. Сонымен қатар, Алаша хан, Жошы хан мазарларына реставрация жұмыстары басталып, апаратын арнайы жол құрылысы жүргізіледі. Құдай қаласа, күзде Кешеннің есігі ашылуы күтілуде»,-деп жазды Берік Әбдіғали.








Басты сөздер: Қоғам, Қазақстан тарихы,
Жоғары қарай