Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жол ортасында сальто жасаған алматылық жауапқа тартылды

2021 жылдың 14 қазан 2021 10:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жол ортасында сальто жасаған алматылық екінші рет жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы көшелерінің бірінде жас жігіт қауіпті трюк жасады. Ол жолдың бір бетінен екінші бетіне сальто жасап өтті.
Оның видеосын Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram -дағы парақшасында жариялады.


Айта кетейік, бұған дейін видеодағы жас жігіт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару) және 593-баптың 2-бөлігі (қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша әкімшілік жауапқа тартылған болатын.
«Бұл жолы жолаушы орнында отырған ол көше қиылысында тоқтап тұрған көліктен атып шығып жолдың бір бетінен екінші бетіне сальто жасап өтті. Кейін жолдан қайта өтіп, көлікке оралды. Алматылық екінші рет жол ережесін бұзғаны үшін ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деп жазды Рүстем Әбдірахманов.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Алматы, Видео,
Жоғары қарай