Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жол картасы: ШҚО-да 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

2020 жылдың 28 қазан 2020 06:34

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 742 жоба жүзеге асырылды. Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 742 жоба мәресіне жетіп, соның нәтижесінде 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс жандана түспек. Бүгінде өңірде 819 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралар барлық қалалар мен ауылдарда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымның жаңаруына ықпал етті», - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, Өскемен қаласы мен Үржар ауданындағы әуежай кешенін жаңғырту, Алакөл жағалауына инженерлік желілер салу сияқты ірі жобаларды іске асыру, туризмді және экономиканы дамытуға серпін береді.

«Жол картасы халықты жұмыспен қамту құралы ғана емес, қиын кезеңде өңірдің экономикалық өсуі мен бизнестің іскерлік белсенділігін арттыруға жол ашты», - деді Даниал Ахметов.


Жоғары қарай