Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Жол белгілеріне қарамаған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды

2019 жылдың 30 қазан 2019 20:24

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» тас жолында белгілерге қарамаған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Көкшетау қаласы бағытындағы «Астана-Петропавл» тас жолында 297 шақырымында «Митсубиси Ланцер» автокөлігі су құбырын тарту үшін қазылған орға құлап кетті. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Кейін «ҚазАвтоЖол» АҚ апатқа қатысты түсінік берді.

Енді, осы оқиғаға байланысты Ақмола облысының тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің үстінен әкімішілік іс қозғап отыр.

«Көлік жүргізушісі өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі кезде, жол белгілері талаптарын орындамаған көлік жүргізушісінің үстінен ҚР ӘҚбК 601 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды»,- деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, «Астана-Петропавл» тас жолының аталмыш бөлігін жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталып, 2020 жылы аяқтау жоспарланған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан тұста жол ережелері мен жөндеу жұмыстарын білдіретін белгілер жолдың екі жағында да қойылған.

Жоғары қарай