Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жол апатында қаза болған ақмолалық полицейлердің отбасы баспаналы болады

2020 жылдың 25 қазан 2020 16:43

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймұрзин Щучьеде жол апатынан қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде департамент басшысы қаза болған әріптестері - Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидулиннің отбасыларына мемлекеттен бөлінетін өтемақыны алу мерзімі мен ережесін түсіндірді. Сондай-ақ, осы үшін құжаттарды жинау қажетігін айтты. Құжат жинауда Арманбек Баймұрзин ведомство тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен бірге ол жол апатынан қаза болған Қ. Отарбаевтың отбасына пәтер беру, ал Қ. Хамидулиннің жанұясына жалдамалы қордағы пәтерді жекеменшігіне беру мәселесі қаралып жатқандығын атап өтті.

Бұдан бөлек, кездесуде екі полицейдің өмірін жалмаған жол апатына қатысты қозғалған қылмыстық істің тергелу барысынан мәлімет берілді.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Ақмола облысында 25 полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде опат болды.

Еске салайық, биылғы 15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапты. Қызмет бабында жүрген учаскелік полицейлердің Lada-21214 көлігін үлкен жылдамдықпен Lexus NX20 көлігі соққандығы анықталды. Кейін Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілетінін айтқан еді.


Жоғары қарай