Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жоғары шенді полиция қызметкерінің көлігіне оқ атқандар ұсталды

2021 жылдың 11 тамыз 2021 18:59

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы жоғары шенді полиция қызметкері отырған көлікке оқ атқан күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ведомство ақпаратына сәйкес, осы жылдың 26 маусымында, шамамен сағат 12-00-де, «Алматы-Өскемен» автожолының 143 шақырымында белгісіз адам «Hyundai Santa FE» маркалы автомобильдің салонынан қызметтік көлікке оқ атқан. Аталған қызметтік көлікте Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері болған.

«Бүгін ПД қылмыстық полиция департаментінің қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар күдіктілердің барлығын анықтап, ұстады. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабын қолдана отырып, 99-баптың 2-тармағы 1, 2, 7, 8-тармақшаларымен қылмыстық іс қозғады. Олардың тағы бірі ҚР ҚК 28-бабы 3-тармағымен қылмысты ұйымдастырушы ретінде танылды. Қазіргі уақытта барлығы Алматы облыстық тергеу оқшаулағышына қамауға алынды», - деп атап өтеді департаменттен.

Сонымен қатар полиция департаменті күдіктілердің бірі полиция қызметкері болған деген ақпаратқа қатысты мәліметпен бөлісті.

«Аталған азамат полиция қызметкері емес. Өйткені, ол ертеректе теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылған», - деп түсіндірді ведомстводан.


Жоғары қарай