Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жоғары инфляция халықтың сатып алу қабілетін төмендетіп, жалақысының құнсыздануына әсер етеді – Үкімет басшысы

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 10:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инфляцияның жоғары болуы адамдардың сатып алу қабілетін төмендетіп, жалақысының құнсыздануына әсер етеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде инфляция мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, бағаны тұрақтандыру міндетін қойды. Инфляция деңгейі өткен жылы қыркүйектегі 8,9 пайыздан желтоқсанда 8,4 пайызға дейін төмендеді. Бірақ бұл да – жоғары көрсеткіш. Бұл адамдардың сатып алу қабілетін төмендетіп, жалақыларының құнсыздануына әсер етеді. Тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының тиімділігін төмендетеді», - деді Үкімет басшысы.

Сондықтан ол инфляция мен баға тұрақтылығына ерекше маңыз беріліп отырғанын баса айтты.

«Азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға, ішкі нарықта тауарлардың жеткілікті болуына, энергия көздеріне баға белгілеу тетігі мен ақылы қызметтердің тарифтерін қайта қарауға мүмкіндік беретін жүйелі іс-шаралар қабылдау қажет», - деді Әлихан Смайылов.


Жоғары қарай