Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жітіқара тұрғыны туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген

2021 жылдың 16 сәуір 2021 16:29

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жітіқара қаласының 36 жастағы тұрғыны алдау арқылы жарты миллионнан астам теңгенің 6 онлайн несиесін рәсімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Былтыр жылдың соңында Жітіқара аудандық полиция бөліміне интернет алаяқтың құрбаны болған әйел шағымданды. Жітіқара қаласының 41 жастағы тұрғыны белгісіз біреу оның және жұбайының атына бірнеше несие рәсімдегенін баяндап берді», - деп хабарлады полициядан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 36 жастағы ер адам анықталған. Тергеуде белгілі болғаны, ер адам туыстарының үйіне қонаққа келіп, олар туралы мәлімет жинаған. Одан кейін Алматы қаласындағы микронесие ұйымдарының бірінен 6 онлайн несие рәсімдеген.

Полиция күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс «Алаяқтық» бабы бойынша тергелді. Сот шешімімен алаяқ 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.


Жоғары қарай