Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жезқазғанда жолдан өтіп бара жатқан 67 жастағы кейуананы көлік қағып кетті

2021 жылдың 28 шілде 2021 16:05

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласының танымал паблигінде жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді қаққан жол талғамайтын көлік туралы видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кадрдан қарт әйелдің жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқаны көрінеді. Қас-қағым сәтте оны көлік келіп соғады.

Алған соққыдан әйел бірнеше метр қашықтыққа ұшып кетеді. Жүргізуші көліктен шығып, жәбірленушіге көмектесуге тырысады.

Қазір зардап шеккен әжей аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Науқас реанимацияда. Ауыр аралас полижарақат, қабырғаның сынуы, жамбас сынуы, кеуде жарақаты тіркелген. Жағдайы тұрақты ауыр», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жүргізушінің жаяу жүргіншіні қалайша байқамай қалғанын полицейлер анықтап жатыр.

«Nissan Patrol көлігін 50 жастағы жүргізуші басқарған. Ол Сейфуллин көшесімен Абай көшесі жағынан Аманжолов көшесіне қарай келе жатып, 67 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Дерек тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.



Жоғары қарай