Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жезқазғанда модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді

2020 жылдың 31 қазан 2020 03:25

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғанда екі ай ішінде 200 төсектік модульді госпиталь салынды. Аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарына сәйкес келеді, деп хабарлайда ҚазАқпарат тілшісі.

Мекеме диагностика және емдеу үшін заманауи медициналық жабдықтармен: компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УДЗ, ЭКГ, өкпені жасанды желдету аппараттары және басқалармен қамтылған.

Медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталарда әр төсекте медбикені шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады. Сондай-ақ, 20 реанимациялық төсек қарастырылған.

«Ең бастысы, мекеме өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров.

Госпитальда Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Тараз қалаларының білікті дәрігерлері дайындық жұмыстарын бастады.
























Жоғары қарай