Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жетісайлықтар аудандағы қорым мен егіс алқаптарын су шаюы мүмкін деп қауіптеніп отыр

2022 жылдың 18 мамыр 2022 11:07

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жетісай ауданында орналасқан қорым мен бірнеше егістікті су шайып кету қауіпі туындап отыр. Сондай-ақ, «машинный каналдан» аққан су облыстық маңызы бар жолға да қауіп төндіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Жетісай ауданы аумағындағы орналасқан «машинный канал» суы арна бойындағы топырақты құлатып, жан жағындағы нысандарға қауіп төндіріп жатқандығы туралы видео тарады. Ауыл аумағындағы қорымды су шайып кетуі мүмкін екендігін айтқан тұрғындар, су арнасының мазар маңына жақындап қалғандығын бейнекадр арқылы көрсетеді. Сондай-ақ, тұрғындар қорымда covid-19 вирусынан қайтыс болған жандардың жерленгендігін айтуда. «Егерде қорымды су алса, вирус ауаға қайта таралып кетуі мүмкін» деп қауіптенеді.

Ал, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек «машинный каналдың» мәселесімен «Қазсушар» мекемесі айналысатындығын жеткізді. Канал республикалық мекемеге қарайтын болғандықтан, оны жөндеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөле алмайтындығын айтып отыр.

«Қорымның суға кетіп қалмауы үшін жергілікті атқарушы органның басшысы ретінде тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл мәселе жыл сайын туындайды. Биыл күрделене түсті. Негізінен канал «Қазсушар» мекемесінің балансында болғандықтан, солар жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек. Ал, біз облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының қарауына ұсынып жатырмыз. Тиісті министрліктер мен комитет төрағасына хат жазып, хабарламалар беріп жатырмыз. Канал екі жыл алдында бетондалған болатын. Бізде топырақ төсеп көрдік. Бірақ нәтижесін бермеді»-дейді Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек.








Жоғары қарай