Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жетім баланы бөтен отбасының тәрбиесіне заңсыз берген шенеунікке 12 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 18:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қалалық сотының үкімімен жергілікті білім беру бөліміндегі балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі 400 мың теңге параны 12 млн теңге қылып қайтаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров Antikor ақпарат алаңында осындай мәлімет келтірді.

«Алматы облысының Талдықорған қалалық сотының үкімімен «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі А.Тұяқбаевқа 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сот үкімімен К.Полномочнова 4 млн теңге мөлшерінде айыппұл арқалайтын болды. А.Тұяқбаев К.Полномочнованың делдалдығымен жетім баланы бөтен отбасына тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын», - дейді агенттіктің аса маңызды істер бойынша тергеушісі.

Сондайақ, Данияр Бегайдаров Қызылорда облысы экология департаментінің басшысы 11 жылға сотталғанын мәлім етті.

Оған серіктестіктің экологиялық заңнама талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілген кешенді тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін жеке компания директорынан 30 млн теңге сомасында пара алды деген айып тағылған болатын.


Жоғары қарай