Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеті қазақстандық боксшы «Ұлттар кубогі» турнирінің жартылай финалына шықты

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 20:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жеті спортшысы «Ұлттар кубогі» халықаралық жарысының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жарыстың ширек финалында қазақстандық боксшы Владислава Кухта Түркия спортшысын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Өкінішке қарай, ұлттық құрама мүшелері Жансая Балтабекова мен Марина Вольнова қарсыластарына есе жіберді. Сонымен қатар, осыған дейін Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан, Ләззат Күнгейбаева, Дина Жоламан мен Арайлым Марат жартылай финалға шыққан болатын.

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай