Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 06:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 19 қаңтар күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Кәсіпорынның мәліметінше, сейсенбі күні Қазақстанның 7 қаласында – Қызылорда,Талдықорған, Балқаш, Көкшетау, Петропавловск, Қостанай, Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Басқа шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай