Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Жергілікті органдар мүгедектерге жағдай жасауға бағытталған жұмысын күшейтуі тиіс

2020 жылдың 11 наурыз 2020 18:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің әлеуметтік нысандарға еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы мемлекеттік бақылау күшейтіліп, біз үш жылдық кезеңмен салыстырғанда тексеру санын 3 есе арттырдық. Өткен жылы мүгедектерге әлеуметтік және көлік нысандары инфрақұрылымының қолжетімділігінің қамтамасыз етілмеуіне қатысты 1300 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 1091 субъектіге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым мен қорытынды берілді», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, аталған субъектілердің 212-сіне жалпы сомасы 46 млн теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынған.

«Бұл жауапкершілік шаралары екендігін түсінеміз. Сонымен қатар әкімшілік айыппұлдар жемісін де береді. Бірақ, бұл сараптама жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмысты күшейтуі тиіс екенін көрсетіп отыр. Құрамына сәулет және қала құрылысы бөлімдері, қоғамдық кеңес мүшелері кіретін жұмыс топтары бар. Алайда, өкінішке қарай барлық шаруа жұмыспен қамту бөліміне жүктеліп отыр. Олар өз құзіреті шегінде жүктелген шараларды жүзеге асыруға қауқарлы», - деді Ақмәди Сарбасов.


Жоғары қарай