Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жерді жалдау мерзімін конкурспен ғана ұзарту керек – Мұхтар Тайжан

2021 жылдың 17 сәуір 2021 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жерді 49 жылға дейін жалға беру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз жерді 49 жылға дейін жалға береміз деп шештік. Осы мерзімде мұрагерлікке де жол ашып отырмыз. Бірақ бұл жерде 49 жылдан кейін фермерлерге немесе заңды тұлғаларға конкурссыз жалдауды ұзартуға болады деп жазылған. Біз оған дауыс берген жоқпыз. Керісінше, мұны жұмыс тобының отырысында да айттым, егер осы 49 жылға келісетін болсақ, сол 49 жылмен тоқтауымыз керек. Әрі қарай тек қана конкурс арқылы жалдауды ұзартуға болады. Өйткені жалдаудың осындай шектеуі болмаса, оның жеке меншіктен еш айырмашылығы болмайды. Сол үшін Жер кодексінің 37-бабына өзгерту енгізуіміз керек. Жалдауды 49 жылға дейін ғана ұзартуға болады, әрі қарай конкурс арқылы болуы керек», - деді М. Тайжан шаруашылығы министрлігінде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында.

Айта кетейік, Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға беру мен 49 жылға дейін жалдау мерзімін сақтау талқыланып жатыр.

Сондай-ақ, Қазақстанда ауылдық мекендердің малына 29 млн гектар жайылым жетіспейді.



Жоғары қарай