Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жер ресурстарын басқару комитетіне жаңа төраға тағайындалды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 15:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мұрат Баритұлы Теміржанов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында салық инспекторы болып бастаған.

2001 жылы Зеренді ауданы бойынша салық басқармасы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.

Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2013-2014 жж. ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің ситуация орталығының консультантының міндетін атқарушы, консультанты болды.

2016-2021 жылдары — VI шақырылымындағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Биылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.


Жоғары қарай