Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Жер қойнауын пайдаланушыларға тауарды конкурссыз сатып алуға рұқсат берілді

2020 жылдың 26 наурыз 2020 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға отандық өндірушілерден тауарды конкурс өткізбей сатып алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпкерлерді қолдау бойынша: Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға отандық өндірушілерден тауарды конкурс өткізбей сатып алуға рұқсат берді. Бұрын ол екі айға дейін созылуы мүмкін еді», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Министр бұл түзетулер қазақстандық компаниялардың үздіксіз жұмысын және бюджетке салық түсімін қамтамасыз ететінін айтып өтті. Бұдан басқа, бұл норма кәсіпорындарға қызметкерлерін қысқартпауға көмектеседі.


Жоғары қарай