Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жер қатынастарын басқаратын аумақтық басшылардың 70% білімі сәйкес емес

2021 жылдың 10 сәуір 2021 10:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Ақылбек Күрішбаев өзі басқаратын экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының апта бойы атқарған жұмысымен таныстырды.

«Экоминкалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының отырысында 3 мәселе талқыланды. Бірінші мәселе – жерге орналастыру жөніндегі геодезиялық жұмыстарды лицензиялау, жоғары оқу орындарында осы мамандықтарды бойынша оқыту стандарттарынна қойылатын талаптарды жоғарылату. Жұмыс тобының мүшелері салаға лицензия беру туралы ұсынысты қолдамады. Бұл мәселені кейін арнайы агенттік немесе комитет құрылған кезде мемлекетіміздің саясатына сәйкес бәсекелестікті дамыту негізінде қаралғаны дұрыс деп шештік», - деді жұмыс тобының басшысы.

Ол, сондай-ақ, жер қаныастары саласындағы мамандардың біліміне қатысты проблемалар бар екенін атады.

«Оқу стандарттарының сапасын көтеруді көпшілік қолдады. Оқу станддартарын дамыту үшін универиеттерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы кәсіптік стандарт дайындап беруі керек. Сол жұмысты министрліктен тездетуді сұраймыз. Бұл жерде менің тағы да айтарым, облыс және аудан әкімдерінің қарамағында арнайы жер қатынастары басқармалары жұмыс істейді. Барлығы бұлар 229 құрылым екен. Солардың басшыларының кәсіби білім деңгейін сараптадық. Тек қана 30 пайызы өз жұмысының маманы болып шықты. Басқалары заңгерлер, экономистер, құрылысшылар, зоотехниктер, гидротехниктер, механиктер және т.б. Мұндай білімменбіз жер ресурстарын басқаруда қалай тәртіп орнатамыз», - деді Ақылбек Күрішбаев.

Еске салсақ, осы аптада Мәжіліс жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин осы заң жобасының мақұлдануы туралы пікір білдіргенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай