Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңіс Қасымбек ұялы байланыс операторларына бірлескен Жол картасын әзірлеуді ұсынды

2021 жылдың 6 мамыр 2021 09:58

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 127 ауылда әлі күнге дейін сапалы интернет байланысы жоқ. Бұл мәселе ұялы байланыс операторларымен болған онлайн-кеңес барысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қатысты. Кеңеске қатысушылар ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін іске асырылған және жоспарланған МЖӘ жобалары туралы айтып берді.

«Осы уақытқа дейін бұл бағытта біршама шаралар қолға алынды. Соған қарамастан нәтиже мардымсыз, 127 ауылда әлі күнге дейін сапалы интернет байланысы жоқ. Пандемия кезінде ауыл мектептерінің жартысына жуығы қашықтан оқыту мүмкіндігі болмаған соң штаттық режимде жұмыс істеуге мәжбүр. Өңірлерге жұмыс сапарлары кезінде мен өзім байланыстың жоқтығының куәсі болып жүрмін. Кездесулерде тұрғындар жолдарды жөндеумен қатар, интернетті де қолжетімді етуді сұрайды. Бүгінде бұл өмірлік қажеттілік», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.





Аймақ басшысы ұялы байланыс операторларына бірлескен жол карталарын әзірлеуді ұсынды.

«Сіздердің компанияларыңызға не байланысты және бізден қандай қолдау қажет екенін зерттеп, жауапкершілік аясын анықтаймыз. Ай сайын не істелгенін, қандай себептерге байланысты кідірістер болғанын жеке бақылаймын», – деді Жеңіс Қасымбек.

Асхат Оразбек министрлік төрт ірі оператор бойынша талдау жасағанын хабарлады. Оның пікірінше, компаниялар инфрақұрылымды пайдалануда ынтымақтасуы керек.








Жоғары қарай