Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жеңіс Қасымбек дәрі-дәрмектер алыпсатарлығы үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертті

2020 жылдың 7 шілде 2020 16:32

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймаққа дәрі-дәрмек жеткізу жағдайы туралы айтып берді. Бөлшек дәріхана желілеріне жақын арада дәрі-дәрмектердің ірі партиялары жеткізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоймаларға «Ингавириннің» 10 мың орамасы, «Азитромициннің» 15 мың орамасы және «Цефтриаксон» келіп түсті. Сондай-ақ, «Арпефлю» жеткізіледі деп күтілуде. Жақын арада парацетамолдың 190 мың орамасы облыстың дәріханалық желісіне жөнелтіледі.

Маусым айының соңғы күндері дәріханалық желілерден дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктердің кейбір түрлерінің бір айлық қоры сатып алынды. Және де жеткізу тоқтатылған жоқ.

Аймақ басшысы дәрі-дәрмектер саласында алыпсатарлыққа жол берілмейтінін атап өтті. Пандемия кезінде пайда көздегендер кейбір науқастардың өмірін арашалап қалуға кедергі болуы мүмкін.

«Дәрі-дәрмектердің бағасын өсіріп сататындардың барлығын қатаң жаза күтетінін ескерткім келеді. Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату – бұл адамгершілікке жатпайтын нәрсе. Біз дәріханаларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуын анықтау бойынша мониторинг топтарын құрдық. Егер дәрі-дәрмектерді дәріханадан тыс сату фактілері анықталса, полицияға жүгіне аласыздар. Қазірдің өзінде ұсталғандар бар», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Өңір дәріханаларына дәрі-дәрмек жеткізу үнемі бақылауда.

Қарағанды облысының азық-түлік қоймаларында және тұрақтандыру қорында 57 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар. Жеткізумен еш іркілістер жоқ.

Жақын арада картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық және өсімдік майының ірі партиялары келіп түседі.

Осы жылдың наурыз айында болғандай, оларға деген сұраныс үш есе артса да, қолда бар азық-түлік өңірдің барлық тұрғындарына жеткілікті.


Жоғары қарай