Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңіс Қасымбек: дағдарыс орталықтары әр қалада және ауданда болуы тиіс

2020 жылдың 8 тамыз 2020 13:30

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды күшейтуді және кешендік бағдарламаны әзірлеуді талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеңіс Қасымбек дағдарыс орталықтарын көбірек ашу қажет деп санайды. Әйелдер мен балаларды отбасылық жанжалқойдан және қылмыстық озбырлықтан қорғау үшін жүйелік шаралар қажет.

Осы мәселенің күрделі жақтары Zoom платформасындағы отырыста талқыланды.

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің айтуынша, карантин кезеңінде адамдар ұзақ уақыт оқшау өмірді бастан кешеді. Бұл күйзеліс тудырады және озбырлыққа итермелейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне сонымен бірге ішімдікті шамадан тыс қолдану да әкеледі, деп атап өтті ведомство басшысы.

Айта кетер жайт, өмірдегі қиын жағдайда қалған адамдар үшін дағдарыс орталықтары ашылған. Бүгінде облыста олардын саны 10-ға жетті.

- Халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектормен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі адамдарды сату құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қаражаттар бөледі, - деп мәлімдеді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асем Джунуспекова.

Ол осы жылы екі қоғамдық бірлестік – «Қайсар» және «Қайырымдылық әлемі» қорымен шарттар жасалғанын жеткізді.

Қарағандыдағы дағдарыс орталықтарының жұмысын жаңғырту мәселесі шешілді. Қала бюджетінен қаражаттар бөлінді. Қазіргі уақытта байқау ресімдері өткізілуде.

- Дағдарыс орталықтары әрбір қалада және ауданда болуы тиіс. Олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет. Талдау жасауды және үш жылдық кезеңді қаржыландырумен анықтауды тапсырамын. Бұл соншалықты үлкен сома емес, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Алдын алу шаралары қажет. Күштерді шоғырландыру керек барлық проблемалы учаскелерді білеміз ғой. Жұмыссыз жүрген жастардың, жасөспірімдердің немен көңілдерін аулау керектігіне нақты ұсыныстар беріңдер.

Облыс әкімі ата-аналармен онлайн-жұмыстарды ұйымдастыруды да тапсырды. Педофилия үшін жазасын өтеген бостандығынан айыру босағандарды бақылауды күшейтуді талап етті.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйелік болуы тиіс. Мұнымен жағдайдан жағдай болғанда ғана емес, үнемі айналысу керек, – деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.


Жоғары қарай