Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңіліп көрмеген супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы АҚШ-та айқасады

2021 жылдың 4 қаңтар 2021 13:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ешкімнен жеңіліп көрмеген қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы Изим Избакидің (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметінше, Изимнің рингке оралуы 10 ақпанға, АҚШ-тың Коннектикут штатында жоспарланған. Ал жекпе-жегі өтетін орны мен қарсыласы кім болатыны әзірге айтылмайды.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазан айында, Американың Мичиган штатының Флинт қаласында өткізген еді. Онда ол бірінші раундта жергілікті боксшы Трой Олбрингті (0-3) нокаутқа түсірді.

26 жастағы Избаки кәсіпқой бокс алаңына алғаш рет 2018 жылы Эстонияның Таллин қаласында шықты. Онда Изим Бенларусь боксшысы Олег Заблоцкийді (0-9) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Басты сөздер: АҚШ, Бокс,
Жоғары қарай