Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңіл атлетикадан ҚР құрамасы Олимпиадаға тағы 3 жолдама жеңіп алды

2021 жылдың 11 маусым 2021 13:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлеттер Токио Олимпиадасына үш лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, спортшылар тиісті нормативті бұған дейін өткен Қазақстан чемпионаты барысында орындады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың нәтижесін бүгін ресми жариялады.

Сонымен, #teamKZ қоржынына Мария Овчинникова, Кристина Овчинникова және Надежда Дубовицкая үш жолдама алып келді.

Мария Овчинникова лицензияны үш қарғып секіру жарысының қорытындысы бойынша жеңіп алды. Спортшы 14,34 метр нәтижемен үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұл нәтиже олимпиадалық стандарттан екі сантиметрден асып түседі (14.32).

Кристина Овчинникова мен Надежда Дубовицкая жолдаманы биіктікке секіруден алды. Надежда Дубовицкая Азия рекордын жаңартып, 2,0 метр нәтиже көрсетті. Кристина Овчинникова 1,96 нәтижесін тіркеді. Лицензияны орындау нормасы 1,96 нәтижесі болғандықтан, екі нәтиже де Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін төрт жолдама болды. Оларды Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Григорий Шейко, Айман Ратова (спорттық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон) жеңіп алған еді.

Бүгінде Қазақстан қоржынында спорттың 25 түрінен 66 жолдама бар.


Басты сөздер: Спорт, Олимпиада, Қоғам,
Жоғары қарай