Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкері пара алған болуы мүмкін

2020 жылдың 22 наурыз 2020 16:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 3-інші департаменті (жедел) басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты пара алды деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агентіктің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, аталмыш ұйымның Өзіндік қауіпсіздік департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Агенттіктің 3-нші департаменті (жедел) басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,-делінген агенттік тараатқан ақпаратта.

Қылмыстық істі тергеу Агенттік төрағасының жеке бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК сәйкес жария етуге жатпайды.


Жоғары қарай