Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жемқорлыққа қатысты Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ең ұзақ мерзімге сотталды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 17:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мамунов ең ұзақ мерзімге – 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы пара берген және пара беруге итермелеген 10 адам 10 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылған.

«Өткен жылы аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мамунов ең ұзақ мерзімге – 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Пара бергені үшін сотталғандардың 17%-дан астамы, яғни 111 мемлекеттік қызметші бас бостандығынан айырылудан басқа, мемлекеттік қызметтен босатылған және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Талдау көрсеткендей, көп жағдайда пара берушілер жеке компанияның өкілі болып шыққан.

«Олар лауазымды тұлғаларға пара беру арқылы кәсіпкерлік қызметін қолайлы жүзеге асыруға тырысқан немесе мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойдырып алмақ болған. Мысалы, Ермегияев («ЭКСПО-2017» ҰК) ісі бойынша пара беруші 7 жылға сотталса, ал оларға көмектесушілердің 5 және 7 жылға бас бостандығы шектелген. Сот айыппұл төлеу мерзімін белгілейді және айыппұл төленбеген жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады», - дейді ол.


Жоғары қарай