Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Желіде дезинфектор-ұрылар туралы ақпарат пайда болды

2020 жылдың 17 наурыз 2020 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WhatsApp желісінде дезинфектор қызметкерінің киімін киген ұрылар туралы аудиожазба тарап жатыр. Полицейлер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл – жалған ақпарат, фейкті таратқан қаскөйлердің қоғамда негізсіз дүрбелең мен қорқыныш таратуды мақсат етіп отырғаны анық. Осыған байланысты, жалған хабарламаның авторлары міндетті түрде табылып, жауапқа тартылатынын мәлімдейміз», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына ғана сүйенуді, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі түрлі мәліметтерге күмәнмен қарауды және бұл ақпаратты таратумен айналыспауды ұсынды.

«Бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, ол үшін екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалады», - деді С. Әзірбек.


Жоғары қарай