Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жел, тұман, боран - дүйсенбіге арналған ауа райы

2021 жылдың 22 ақпан 2021 04:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

22 ақпанда фaронтальды құрылымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігі жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу боран соғады, жел күшеюі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу боран соғады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау, Кызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай