Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жел, найзағай, көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Т үнде облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с шамасында.

Осы күні Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

29 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Көкшетау қаласында солтүстік - шығыстан соққан желдің қарқыны 15 м/с дейін күшейеді.

Күндіз 29 қыркүйекте Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

29 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды.

Батыстан, солтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел жылдамдығы облыстың орталығында 15-20 м/с шамасында болады.

29 қыркүйек күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

29 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады.

Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай