Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

2022 жылдың 23 қаңтар 2022 00:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР территориясының басым бөлігіне антициклон өз әсерін сақтайды. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде және орталығында фронталды бөліктер жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі.

Сондай-ақ олармен бірге желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы ауданндарында, Қызылорда облысының орталығында, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай