Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық биыл да жасалады – министр

2020 жылдың 29 шілде 2020 16:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жеке тұлғаларға былтырғыдай салықтық рақымшылық биыл да жасалатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы елімізде салықтық рақымшылық жасалған болатын. Яғни жеке тұлғаларға негізгі қарыз өтелген жағдайда өсімпұлдары кешірілді. Бұл шара рақымшылық салықтың барлық түрін қамтыды. Соның нәтижесінде біздің елдегі 750 мың адамның жалпы сомасы 3 млрд теңгелік өсімпұлы кешірілді. Биыл жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық ұзартылды. Осы жылдың 2 шілдесінде тиісті заң қабылданды. Ол салықтың үш түрін қамтиды. Атап айтқанда мүлікке салынған салық, жер салығы және көлік құралдары бойынша салық», - деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуына қарағанда, мұндағы шарт – салық төлеуші жеке тұлғаның 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өсімпұлы болуы керек.

«Негізгі қарыз өтелген жағдайда өсімпұл кешіріледі. Сонымен қатар өсімпұлы кешірілуі үшін азаматтарға өтініш жазудың керегі жоқ. Өсімпұл салық органдарының есептік жүйесінен автоматты түрде өшіріледі», - деді ол.


Жоғары қарай