Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы әзірленіп жатыр - Үкімет

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 10:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жеке тұлғалардың банкроттығы мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» (Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы) Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы қаржы, әділет министрлері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, Ұлттық банк төрағасының орынбасары баяндады.

Үкімет басшысы Заң жобасын пысықтап, белгіленген тәртіппен Премьер-Министр Кеңсесіне енгізуді тапсырды.


Жоғары қарай