Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жазғы демалыста елордалық балалар қандай лагерьлерге бара алады

2020 жылдың 22 мамыр 2020 11:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жазғы демалыста балалар қала сыртындағы қандай лагерьлерге барып, демала алатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім алушылар жазғы демалысқа шыққаннан кейін ата-аналардың көбін мазалайтын сұрақтардың дені - лагерьлердің жұмысы мен жалпы демалыстың ұйымдастырылуына қатысты болып келеді. Биыл балаларға арналған жазғы демалыс қала сыртындағы лагерьлерде ұйымдастырылады. Олар: «ARMAN» туристік-сауықтыру кешені (900 бала), «Боровичок» сауықтыру лагері (750 бала), «Батыр» шатырлы лагері (280 бала), «Тұлпар» киіз үй лагері (300 балаға арналған). Жазғы демалыспен жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тәуекел тобындағы және девиантты мінез-құлықты балалар қамтылады», - деді Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Оқушылар сарайларының жанында жазғы демалыс академиясының жұмысы ұйымдастырылады.

«Халықаралық балаларды қорғау күні биыл «Барлығы балалар үшін» ұранымен өтеді. Жоспарланған іс-шаралар #NS_balalarkuni_bilim хештегі бойынша ұйымдастырылады. Сол күні Instagram әлеуметтік желісінде балалар психологының, ішкі істер органдарының өкілі, заңгерлердің, білім беру және ғылыми өндірістік бірлестік өкілдерінің қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылады. Онда ата-аналар мен балалар құқықтық және өзге де кеңестер ала алады. «Ашық спорт» мектеп алаңы ұйымдастырылады. Онда жүзік ату, бестас, асық ату, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, Қазақ күресінен жарыстар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Балалар эко-асарға қатысады. Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығының және «Астана SOS Балалар ауылы» тәрбиеленушілері үшін мерекелік құттықтау бағдарламасы өткізіледі», - деді басқарма басшысы.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Білім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай