Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Жайыққа шомылған 10 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 00:13

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицейлер Жайыққа шомылып жүрген жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл мезгілі бойынша әлі суға шомылу маусымы басталған жоқ. Соған қарамастан Атырауда жасөспірімдер Жайық өзеніне суға түскен.

«Полиция қызметкерлері түс кезінде Атырау қаласындағы Каспий ықшамауданы мен Тұрғындар қалашығы-Авангард шағынаудандары арасында салынған жаяу көпірдің тұсында, Жайық өзеніне суға шомылып жүрген онға жуық жасөспірімді көрген. Балаларының өзен жағалап, қауіпті жайтты ескерместен, суға түсіп жүргенінен бейхабар ата-аналар қалалық полиция басқармасына шақыртылды.

Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабымен (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) хаттамалар толтырылды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғары қарай