Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жайыққа батып кеткен 44 жастағы азаматтың денесі табылды

2020 жылдың 5 шілде 2020 02:10

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өзенге батып кеткен жігіттің денесі табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жұма күні Жайық өзеніне батып кеткен 1976 жылы туған азаматтың денесі табылып, судан шығарылды» деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға кеше қала маңындағы Ақсай елдімекенінде болған. Сол жерде 44 жастағы азамат Жайық өзенінің шомылуға рұқсат берілмеген жағалауында суға түскен. Ол сонда шомылып жүріп өзенге батып кетті.

Құтқарушылар марқұмның денесін кеше қараңғы түскенше өзеннен іздеп, таба алмаған болатын. Бүгін операция әрі қарай жалғасып, мәйіт табылды.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті арнайы жабдықталған жағалауда ғана шомылу керектігін еске салады.


Жоғары қарай