Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жасыл» аймақтағы Маңғыстауда карантин қашан жеңілдейді - бас санитар жауап берді

2021 жылдың 5 мамыр 2021 16:56

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 5 мамыр күні коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша Маңғыстау облысы «жасыл» аймаққа енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қоғамдық коммуникация орталығында сілтеме жасап.

Алайда «жасыл» аймаққа сәйкес жеңілдетулер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтағаннан кейін облыстық жедел штабтың отырысында қабылданады.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Маңғыстау облысы «жасыл» аймаққа енгенімен, жеңілдету шараларын облыстық жедел штаб қарастырады.

Яғни, маңғыстаулықтар әзірге соңғы қаулының талаптарын ұстанады.

«Қазір эпиджағдай әр аймақта әртүрлі. Кез келген облыс өзінің эпиджағдайына қарап шешім қабылдайды. Мәселен, 7-8 күн ішінде Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары азайса, біз бірқатар жеңілдетулерді қабылдай аламыз», - деді Ғазиз Надуев.



Жоғары қарай