Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жастар кадрлық резервіндегі 2 жас Мәжіліс депутаты болды - Ерлан Қарин

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 11:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадрлық резервіне кірген 2 жас «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысушы Тілектес Адамбеков пен Зүлфия Сүлейменова ұсынылды. Резервшілердің Мәжілістің жаңа құрамына кіруі Президенттік жастар кадрлық резерві жас кәсіби мамандарды ілгерілету және олардың әлеуметін жүзеге асыру үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналғанын тағы да бір мәрте паш етеді», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-парақшасында.

Оның атап өтуінше, бүгінде Президенттік жастар кадрлық резервінің 300 өкілінің 168-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік кәсіпорындарда түрлі лауазымдарға жұмысқа орналасты.


Жоғары қарай