Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жастар арасындағы діни экстремизмнің қалай алдын алуға болады

2019 жылдың 4 қазан 2019 17:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан егемен ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етіп жатыр.

Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туды.

Соңғы жылдары Орталық Азия аумағында жалпы экстремизм түрлерінің қаупі күшейді. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және ішінара Қазақстан Республикаларындағы әртүрлі экстремистік бағыттағы ұйымдар тарапынан болған жағдайлар, жалпы экстремизм түрлерінің, оның ішінде діни экстремизм құбылысын зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Себебі діни экстремизм – діни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады.

Әйтсе де, Қазақстанда діни экстремизм көрініс бермеген құбылыс деп айта аламыз. Біз халықтың және еліміздің көшбасшыларының даналығына көз жеткізе отырып, соның арқасында біздің елімізде ұлтаралық және конфессияаралық негізде шиеленіс болмағандығын мақтанышпен айта аламыз. Қазақстан тек этностық немесе діни көзқарастарды негізге ала отырып, қандай да бір қақтығысушы елдерге ешқашан қолдау көрсеткен емес. Себебі, Қазақстанда «сөз бостандығын» жамылып, ұлттық немесе діни қадір-қасиетін қорлауға ешкімге жол берілмейді.

Дегенмен, діни экстремизм өте ауыр әлеуметтік-құқықтық және этно-психологиялық мәселе бола отырып, көпаспектілі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Экстремизм Қазақстанда кең ауқымда пайда бола қоймаған құбылыс. Алайда конфессионалдық тұрақсыздықтың бізде де бой көтеруінің белгілі бір қаупі бар. Әрине, осы қауіпті өз уақытында сезініп, алдын алу қажет», - деген келеңсіздіктің алдын алушы бастамалары сақтық пен ұқыптылыққа шақырудың негізі болып отыр.

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ.

Экстремизмнің алдын алу жұмысын ұйымдастыру барысында бірнеше деңгейден тұратын жүйені ұмытпаған жөн. Ең алдымен, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барлық жастар: бұл деңгейде жасөспірімдердің өмірлік мүмкіндіктерін көтеруге, қорғансыздық сезімін төмендетуге, олардың өзіндік іс-әрекетін жүзеге асыруы мен өмірлік әрекетіне қажетті талаптарды құруға бағдарланған жалпы профилактикалық шараларды іске асыру қажет.

Экстремистік белсенділік назарына ілігуі мүмкін «қауіп зонасындағы» жастар да үлкен бақылауды талап етеді. Бұл категорияға әлеуметтік-дезориентацияланған, нашар, әлеуметтік-экономикалық статусы төмен, девиацияға жақын (алкоголизм, наркомания, физикалық және моралды-адамгершілік зорлық) отбасынан шыққан жастар, жауапқа тартылмайтын, экстремалды уақыт өткізуге, яғни экстремистік субмәдениетке қатысуын уақыт өткізудің табиғи формасы ретінде санайтын «алтын жастар», агрессияға жақын, мәселелерді күштеп шешу әдісін қолданатын, рефлексия мен өзін-өзі реттеу дағдылары дамымаған балалар, жасөспірімдер, көшелік девиацияға жақын неформалды бірлестіктерге қатысушылар мен жастар субмәдениетін тасушылар, экстремисттік-саяси, діни ұйымдардың, қозғалыстардың, секталардың мүшелері кіреді.

Осыған байланысты ең алдымен жастар өмір сүретін әлеуметтік ортаны оңтайландыру, оны жақсарту, конструктивті өзара әрекет кеңістігін құру, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысу, жастардың экстремисттік ортасын жою әдістерін құрау, жасөсіпірм тұлғасын әлеуметтендіру үдерісіне тиімді әсер ету механизмдерін, оны қоғамның әлеуметтік-мәдени кеңістігіне кірістіруді құрастыру керек.




Әл-фараби атындағы ҚазҰУ Педадогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, PhD 2 курс докторантыЖұмабекова Қырмызы Бақытқалиқызы

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Дін, Аймақ,
Жоғары қарай