Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жасөспірімнен ақша сұрап бопсалаған күдікті студент ұсталды

2021 жылдың 17 қазан 2021 06:29

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының 23 жастағы тұрғыны жасөспірімнен ақша талап еткені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазанда Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Щучье қаласының тұрғыны хабарласып, жергілікті колледжде оқитын 2004 жылғы студенттен сол оқу орнының студенті ақша талап ететіндігін айтты.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Бурабай аудандық ПБ тергеу бөлімі осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 194-ші бабының 1-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары 14 жастан бастап кісі өлтіру, зорлау, қорқытып алу және басқа да ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске салады.

Сонымен бірге, қорқытып алушылыққа тек ақша алу мақсатында күш қолдану ғана емес, қандай да бір әшкерелейтін ақпаратты жариялау қаупі де есептелетінін ескертеді.

Осындай құқық бұзушылық әрекеттерден зардап шеккендер болса, Көкшетау қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы, 35 мекенжайы бойынша Ақмола облысының Полиция департаментіне немесе 8 (7162) 29-10-07; 29-90-13 немесе «102» телефондары бойынша хабарласа алады.


Жоғары қарай