Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

«Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының ақтық дауыс беру кезеңі басталды

2020 жылдың 29 наурыз 2020 23:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының ақтық кезеңі басталғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 29 наурызында сағат 22.00-де «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығына дауыс берудің ақтық кезеңі басталды. Балалардың басты сыйлығын табыстау екінші мәрте өткізілгелі отыр. 2019 жылы Бас жүлдені қазақстандық әнші Ержан Максим жеңіп алған еді», - деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ғалым Байтоқ.

Сыйлық 14 номинация бойынша табысталады:

«Жас зерттеуші» (олимпиадалар мен интеллектуалдық конкурстардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары);

«Жас дарын»;

«Жас толағай»;

«Жас патриот»;

«Жас эколог»;

«Жас қанат»;

«Жас биші»;

«Жас қалам»;

«Жас блоггер»;

«Үздік ерікті»;

«Жас ақын»;

«Жас суретші»;

«Жас музыкант»;

«Үздік IT бастама».

«Өзіңіз ұнатқан үміткерге сыйлықтың ресми сайтында (lubimec.kz) дауыс беруге болады. Дауыс беру тәртібі қарапайым. Ол үшін «Жас Өркен» айдарына кіріп, «Дауыс беру» бөлімін басасыз. Оның ішінде үміткерді таңдап аласыз. Кейін өз e-mail поштаңызды енгізіп, робот емес екеніңізді айғақтайсыз. Жіберілген сілтемеге басып, дауыс беретініңізді растайсыз», - деп жазды Ғ.Байтоқ.

Еске сала кетсек, «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығы дарынды балаларға биыл да берілетіні жыл басында жарияланған еді. Алғашқы байқаудың бас жүлдесін жас әнші, 2019 жылғы балалар Еуровидениесінің жеңімпазы Ержан Максим жеңіп алған болатын.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай