Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаркенттегі ауданаралық көп салалы ауруханаға төрт «Жедел жәрдем» көлігі тапсырылды

2020 жылдың 13 қараша 2020 21:17

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат – Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына төрт «Жедел жәрдем» көлігі тапсырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қашан да қалт айтпайтын халқымыз ежелден-ақ «Бірінші байлық – денсаулық» деп ел амандығын сақтауға айрықша мән берген. Бүгінгі таңда да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп, халық денсаулығын қорғау мақсатында бүкіл елімізде мемлекеттік деңгейде қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Короновирус індеті өршіп, күллі әлемді, оның ішінде біздің елді де әбігерге салған қазіргідей кезеңде мұндай шараларды қолдану өте маңызды екені айтпаса да түсінікті болса керек. Осыған орай, бұл салаға қамқорлық күннен-күнге күшейіп, денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалауға, емдеудің жаңа технологиялары мен әдістеріне көшуге баса назар аударылуда. Алматы облысының әкімі А. Ғ. Баталовтың қолдауымен өңірдің шалғай аудандарындағы ауруханаларға арнайы жылжымалы медициналық кешендер берілуі – осының айқын айғағы. Соның ішінде Панфилов ауданына да осы заманғы озық дәрігерлік емдеу құралдарымен жабдықталған төрт бірдей «Жедел жәрдем» көлігі бөлінді.

Осы қуанышты шараға байланысты Жаркент қаласының орталық алаңында өткен шағын жиында аудан әкімі Т. Ә. Өмірәлиев құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Парасат» орденінің иегері Төлеу Құмарбекұлы Сарпеков басқаратын Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының «Жедел жәрдем» орталығының қызметкерлеріне көліктердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті.








Жоғары қарай